RU

Қызылордада мектеп күзетшісі қолына пышақ алып, өзіне қол салмақ болды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында оқыс оқиға орын алды. Кент орталығындағы №226 мектептің күзетшісі кеш мезгілінде ішімдікке сылқия тойып, көпшілікке қауіп төндірген деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Қолына суық қару алған азамат көшеде кетіп бара жатқандарға қоқан-лоққы көрсетіп, шабуыл жасаған. Сенімді ақпарат көзінің сөзіне сенсек, күзетші барлық жергілікті әкім-қараларды жамандап, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тіл тигізген.

Барлығын парақорлар, жебірлер деп айыптапты. Әсіресе, шенеуніктерді халықтың қамын ойлаудың орнына, қалтасының қамын жасайтынын айқайлап айтқан.

Мәлімет түскен бойда оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткен. Ашуға булыққан азаматты сабасына түсіру оңайға соқпады. Тіпті аудан әкімінің орынбасарларының өздері де күзетшімен мәмілеге келмек болыпты. Алайда, қолына пышақ ұстаған ол өз-өзін өлтірмек болуға әрекеттенген.

Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Осы жағдайдан кейін, мектептің айналасы ұдайы бақылауға алынып, жол-патрульдік полиция мамандары күзетке тұратын болды.

Қазіргі таңда күзетшінің әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аяқ астынан болған бұл жағдайың қазалылықтар үшін тосын болғаны рас. Ендігі кезекте аудан басшылары мұндай оқиғаның қайталанбауы үшін шаралар қолданбақ.

Тағы оқыңыздар:

Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Әзірбайжандық боксшыдан жеңілген Жәнібек Әлімханұлы жеңілісінің нақты себебін түсіндіре алмады

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222224-qyzylordada-mektep-kuzetshisi-qolyna.html