RU

Британиялық гей спортшы Риода сүйіктісіне сақина сыйлады (фото)

Спорттық жаяу желістен сынға түскен британиялық жеңіл атлет Том Босуорт өзінің сүйікті жігітіне ұсыныс жасады.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Том өзінің сүйіктісіне жағажайда ұсыныс жасап, жүзік пен жүрегін ұсынған. Ал желаяқтың сүйгені Гари Динли оған тұрмысқа шығуға келісімін беріпті.

"Ол "Иә" деді! Бұл мен үшін үлкен бақыт", - деп жазды Том твиттердегі парақшасына.

Жалпы, Рио Олимпиадасында бір-біріне көпшіліктің көзінше ұсыныс жасаған гомосексуалдардың қатары көп болды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Василий Левиттің жеңілісі Олимпиадада үлкен дауға айналды

Ресей бапкері Василий Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады (видео)

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222287-britaniyalyq-gey-sportshy-rioda-suyikt.html