RU

Қытайлық қария бар жиған-тергенін итіне аманат етіп қалдырды

Харбин қаласының тұрғыны Ван Цзюньу жергілікті жануарлар үйіне хабарласып, жинаған ақшасын (80 мың юань) жануарлар үйіне беруге аманат жазып қалдырғанын айтқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

71 жастағы ер адам бұл қаражатты «Эрфу» есімді итінің «зейнетақысы» ретінде қолдануды өтінген деп жазды ria.ru.

Басылымның хабарлауынша, жануар егде адамның жалғыз серігі: оның ұлы алты жасында көлік апатынан қаза тапқан, әйелі ауырып қайтыс болған. Ван Цзюньу «Эрфу» есімді итін күшік кезінде асырап алған.

Сонымен қатар, басылым иттің иесіне адал екенін, үнемі бірге жүретіндерін және оның қасына ешкімді жолатпайтынын жазуда.

Жануарлар үйі әкімшілігі төрт аяқтыға қарауға келісім берді, бірақ зейнеткердің ақшасын алудан бас тартты.

Тағы оқыңыздар:

Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)

БАҚ: Шымкентте із-түссіз жоғалған әйелдің күйеуі оны өлтіргенін мойындап отыр

Рио-2016 күнделігі: Бүгін қазақстандық атлеттер спорттың төрт түрінен сынға түседі

Әзірбайжандық боксшыдан жеңілген Жәнібек Әлімханұлы жеңілісінің нақты себебін түсіндіре алмады

Танымал актер Нұржан Төлендиев той басқару үшін 600 мың теңге сұраған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222299-egde-qytaylyq-bar-zhighan-tergenin-itin.html