RU

Олимпиадада етеккірі келген қытайлық қыз медальдан қағылды

Қытайлық жүзуші Фу Юаньхуэй Олимпиада кезінде етеккірі келгендіктен қола жүлдеден қағылғанын мойындады.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Қытай құрамасы 400 метрлік эстафетада төртінші орын алған. Ал соңғы болып жүзген Фу Юаньхуэй етеккірі келгендіктен дұрыс жүзе алмай, медальдан айырылғанын мемлекеттік телеарнаның эфирінде айтты.

Осыдан соң, Қытайда аталған жүзуші қыз ұлттық батырға айналды десек болатын шығар. Себебі, Қытайда қыздардың жеке-бас гигиенасына қатысты ақпараттарды айтуға қатаң тыйым салынған. Олар мұндай тақырыпта әңгіме айтуды масқара деп біледі.

Ал Фу Юаньхуэй екі рет әлем чемпионы атанған. Ол Риода брасс әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Василий Левиттің жеңілісі Олимпиадада үлкен дауға айналды

Ресей бапкері Василий Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады (видео)

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атанды (фото)

Риодағы жанкүйерлер Левиттің қарсыласын құрметтемей, "Қазақстан" деп айғайлады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222393-olimpiadada-etekkiri-kelgen-qytayly.html