RU

Жеңіс Ысқақова екі айдың ішінде қатты арықтап кетті

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова неліктен екі айдың ішінде қатты арықтап кеткенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Бұдан бір жыл бұрын ғана Жеңіс Ысқақова осы арнадағы «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасында өзінің үйін көрсетіп, отбасымен таныстырған болатын. Бірақ әнші ол кезде қыпша белін көрсетіп мақтана алмайтын.

Ал жуырда халық Жеңіс Ысқақованың қыз қызығарлықтай мүсінін көріп, оның қалайша тез арықтағанына таңырқасып қалған еді.

Біреулер оны жиналған майды ота жасау арқылы алатын липоксацияның көмегіне жүгінген деп өсек қылса, екіншілері оның денсаулығында бір кінәрат бар ма деп қалған. Аз уақыттың ішінде қалай арықтағаны туралы Жеңіс Ысқақова өз аузымен айтып берді:

«Соңғы жылдары денсаулыққа байланысты кішкене былай ет жинап алған заман болды, содан кейін екі ұлым, мама сізге болмайды, сіз негізі өзіңіздің бойынызға тән дене-бітіміңізбен жүруіңіз керек. Екі ұл екі жақтан маған осындай ұсыныс қойғаннан кейін, мен балаларым үшін өмір сүретін адам болғандықтан, осы балаларымның маған сөзі - заң. Балаларым менің әдемі болғанымды қалайды. Өйткені маған айтады: біздің қасымызда, екі жігіттің ортасында қыздай боп жүрмейсің бе және папа да әрдайым сізге қарап шабыттанып жүретін болады деді», - дейді әнші.

Осылайша, әнші ұлдарының өтінішін жерге тастай алмай, небәрі екі-ақ айдың ішінде артық салмақ тастап үлгерген. Ал липосакция жасатуға қатысты Жеңіс былай деп жауап қайырды:

«Ота жасатқан жоқпын, май соратын бір ота бар екен ғой. Ол миллион тұрады дейді. Мен миллионға тамақ алып, сосын қайта миллион беріп оны шығаруым керек пе? Сонда не болады. Болмайды ғой олай, мен түсінбеймін миллион теңгеге ішінен май сорғызатын отаны не үшін жасау керек екенін», - дейді ол.

Жеңіс Ысқақованың айтуынша, ол арықтау үшін дастарханның басынан жартылай аш күйінде тұруды үйренген.

«Адамның ағзасы кішкене ғана, алақандай, сондықтан алақанға ғана сыятын тамақты ғана жесеңіз болды. Біріншісі, екіншісі де, шайың да, компотыңда осының ішіне сыюы керек», - дейді ол.

«Диетологтар судан басқасының бәрі тамақ, ал сүт пен шай тіпті әдемі тамақ дейді. Ал біз сүт пен шайды іше береміз, сонда біз семірмегенде, кім семіреді? Басында менің қолым нан мен майға жүгіре бастағанда, ұлым қолымнан бір-ақ ұратын, арықтауың керек деп», - деп өз құпияларын жайып салды әнші.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Финалда ұлының әділетсіз жеңілгенін көрген Василий Левиттің анасы жылап қалды

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222454-zhenhis-ysqaqova-eki-aydynh-ishinde-qalay.html