RU

Аружан Жазылбекова эротикалық фильмге түседі деп сынағандарға жауап берді

Қазақ актрисасы Аружан Жазылбекова «Алтын Орда» кинокартинасындағы эротикалық көріністерге өзі түспейтінін айтты деп хабарлайды comode.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

«Телехикаяның екі нұсқасы болуы мүмкін деген рас сөз. Бірі телевизиялық аудиторияға арналса, екіншісі интернеттегі аудиторияға арналған, яғни «+18». Соңғы айтылған нұсқасында атыс-шабыс та, эротикалық көріністер де көбірек болуы мүмкін. Мен осыған қатысты интернет аудторияның наразылығына ұшырадым. Сондықтан түсіндіре кетейін. Иә, эротикалық көріністер фильмде болуы мүмкін. Бірақ оларды дублер орындайды. Біз бұл мәселені кастинг директоры Ликамен бірінші кезекте талқыладық. Мен оларға бұл мүмкін еместігін айттым. Мен эротикалық көріністерге қатыспаймын. Бұл жауапты бәріне айта бергеннен жалықтым. Сондықтан өздері Comode-тан оқып алсын", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Аружан Жазылбекова ресейлік «Первый канал» арнасының жобасы – «Золотая Орда» фильмінде басты рөлді сомдайтынын және телехикаяда эротикалық көріністер молынан кездесетіні хабарланған болатын.

Бұл желі қолданушылары тарапынан екіұшты пікірлердің туындауына себеп болған.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Финалда ұлының әділетсіз жеңілгенін көрген Василий Левиттің анасы жылап қалды

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222530-aruzhan-zhazylbekova-erotikalyq-film.html