RU

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын жақсартуды сөз етті. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Владимир Путин Түркиямен татуласуға көмек көрсеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

"Сіз Ресей-Түрік қарым-қатынасын қалпына келтіруді сөз еттіңіз. Осы орайда сізге делдалдық еткеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұл әрекеттеріңіз оң нәтиже бергенін көріп отырмыз", - деді Путин Сочидегі Назарбаевпен кездесуінде.

"Біз Түркиямен достық қарым-қатынасымызды толық қалпына келтіруге барынша талпынудамыз. Түркия президенті Ердоғанның Ресейге іссапармен келгені екі жақтың да қарым-қатынасты реттеуге талпынысын растай түсті", - деп қосты Путин.

Назарбаев болса, маңызды халықаралық мәселелерді шешуде Мәскедуің маңызды орын алатынын сөз етті.

"Мен бүгінде Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы жақсарып келе жатқанына ризамын. Терроризм секілді маңызды халықаралық мәселелерді Ресейсіз шешу мүмкін емес екенін түсіну керек", - дейді Назарбаев.

Президентіміз бұл қарым-қатынастардың Қазақстанға да әсері барын жасырмады.

"Бұл қарым-қатынас Қазақстанға да әсер етеді. Білесіз бе, біздің де олармен байланысымыз бар. Бұл жанжалда біз Ресейдің ұстанымына нақты болысып, бұл тұрғыда көмектесе алғанымызды оң санаймын", - деді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Финалда ұлының әділетсіз жеңілгенін көрген Василий Левиттің анасы жылап қалды

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222553-putin-maskeu-men-ankaranynh-qarym-qaty.html