RU

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер мешіт таратқан тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Ақтөбеде паранжа киген келіншектер бірнеше баласын сабаққа дайындай алмай жүр. Олар мешітте тегін таратылған сөмкеге таласып қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталының аймақтағы тілшісі.

Ақтөбе қалалық мешіті ұйымдастырылған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясынан көмек сұрап келгендер көп болды. Әсіресе қара киім киіп, беттерін жапқан келіншектер көп келді. Олар бірнеше баласын ертіп келіп, мектепке дайындай алмай жүргендерін айтты.

«Алты балам бар. Екі кішкентайымды тастап кеттім. Қаладан алыста саяжайда тұрамыз. Сағат екіден бастап осы жерде отырмыз. Ең болмаса екі балама беріңізші», «Кешіріңіз, төрт баламен келіп едім. Екі балам ауылда оқиды. Сөмкені ең болмаса сол екі балаға жеткізіп беріңіздерші», - деп сұрағандар көп болды.

Мешіт қызметкерлері таратқан 20 сөмке мұқтаж адамдардың барлығына жеткен жоқ. Бір үйден бір балаға ғана сөмке берді. Бірнеше баласын ертіп сабылып келгендердің көпшілігі бос қайтты. Имамдар оларға акцияның қыркүйектің соңына дейін жалғасатынын айтып жұбатты. Жетпей қалған отбасыларға демеушілердің көмегімен келесі кезекте оқу құралдары берілетін болады.

«Жағдайы қиын пәтер жалдайтындар, жалғызбасты аналарға бірінші кезекте көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда мұқтаждар көп. Соның ішінде жұмыссыз жүргендер, тапқан табысын жеткізе алмай мұқтаждар санатында жүргендер бар», - дейді қалалық мешіттің наиб имамы Талғат Алдабергенов.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Финалда ұлының әділетсіз жеңілгенін көрген Василий Левиттің анасы жылап қалды

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222584-aqtobede-betin-tumshalaghan-kelinshekt.html