RU

Жанар Дұғалова ірі комедияда басты рөлді сомдайтын болды

Белгілі қазақстандық әнші әрі актриса Жанар Дұғалова режиссер Асқар Бисембиннің жаңа кинокартинасында басты рөлді сомдайтын болды. Бұл туралы comode.kz интернет-басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Әнші Жанар Дұғалова актриса ретінде тұңғыш рет басты рөлді сомдамақшы. Бірақ, бір қызығы комедиядағы басты рөлді сомдайтын актерлер біреу емес, екеу емес, он екі.

Комедия желісі бір-бірімен байланысты бес оқиға арқылы өрбіп отырады. Комедия NauryZ.kz деп аталады. «Свадьба на троих», «Адель», «Замуж в 30», «Папины дочки» деп аталатын кино туындыларды жасаған Асқар Бисембин Жанарды актерлік шеберлігінің мықты болуы себепті таңдап отырғанын жасырмайды.

«Жанар тек әнші ғана емес, ол, сонымен бірге Ресей Театр өнері институтын да үздік бітіріп шыққан актриса, бұл біріншіден. Екіншіден, ол шын мәнінде өте мықты», - деді режиссер.

Тағы да оқыңыздар:

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Финалда ұлының әділетсіз жеңілгенін көрген Василий Левиттің анасы жылап қалды

Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ

Қазақстандықтар әділетсіздікпен жеңіліс тапқан Василий Левитке «алтын медаль» жасатып бермекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222675-zhanar-dughalova-iri-komediyada-basty-ro.html