RU

Шымкентте полицейлер қолын "қалтасына салып алған" "мүгедек" қайыршыны ұстады

Адамдар ақша үшін бәріне бара алады. Тіпті сап-сау он екі мүшесінің бірін мүгедек етіп көрсетіп, сау басына сақина тілейтіндер де жоқ емес. Мына видеодағы "мүгедек" қайыршы да сондай жандардың бірі дейді BAQ.kz.

Көліктің бейнетіркеуіне түсіп қалған мына видео Шымкент қаласының Темірлан тас жолының бойында тіркелген.

Анықтап қарасаңыз, видеода сол қолы жоқ мүгедек қайыршы бағдаршамға тоқтаған көліктерден қайыр сұрап жүреді. Кенет оң жақтан келе жатқан полиция көлігін байқап қалған тілемсек жасырына қалмақшы болып, жерге еңкейе қалады.

Алайда, бұл әрекетінен ештеңе шықпасын ұққан соң, тілемсектігін жалғастыра береді. Көлігінен шыққан сақшылардың бірі өз "қызметіне" берілген мүгедекті ұстап, курткасын шешкен кезде... Не болғанын видеодан көріңіздер.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222678-shymkentte-policeyler-qolyn-qaltasyn.html