RU

ОҚО-да мас жүргізуші велосипедшіні қағып өлтірді (фото)

ОҚО-да мас жүргізуші велосипедшіні қағып кетті, жол апаты Жібек жолы-Жетісай тас жолында Сарыағаш ауданында орын алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ВАЗ жүргізушісі велосипедшіні басып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. 45-47 жас шамасындағы ер адам ауыр дене жарақатын алды. Оны аурухананың жансақтау бөліміне әкелді, ақыр соңында есін де жимастан көз жұмды.

Жүргізуші ұсталды. Ол - Сарыағаш ауданының 1984 жылғы тұрғыны. Жүргізуші сол кеште көлікті мас күйінде басқарғанын мойындады. Қашып кеткен себебін қорыққандығымен түсіндірді.

Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр. Күдікті тұтқындалды.

Тағы да оқыңыздар:

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222690-oqo-da-mas-zhurgizushi-velosipedshini-qa.html