RU

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

81 келіде жұдырықтасын жерлесіміз жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсиді 3:0 есебімен жеңді.

Ниязымбетов спорттық мансабында осымен екінші рет Олимпиада ойындарының финалына жетіп отыр.  2012 жылғы Лондон Олимпиадасының финалында Әділбек ресейлік Егор Мехонцевтан ұтылған болатын.

Енді Рио финалында Әділбек кубалық үш дүркін әлем чемпионы Хулио Сезар ла Крузбен жұдырықтасады.

Осылайша, финалға шыққан қазақ боксшыларының саны екеуге жетті. Кеше 69 келідегі Данияр Елеусінов те ақтық бәсеке жолдамасын иеленген.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Василий Левиттің жеңілісі Олимпиадада үлкен дауға айналды

Ресей бапкері Василий Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады (видео)

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атанды (фото)

Риодағы жанкүйерлер Левиттің қарсыласын құрметтемей, "Қазақстан" деп айғайлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222926-adilbek-niyazymbetov-olimpiada-oyynd.html