RU

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

17 тамыз күні жігіттердің барлығы жарады. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жарыстан кейін, Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Бүгін жігіттердің барлығы жарады. Тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Енді Әділбек Ниязымбетов пен Данияр Елеусінов екеуі алтын үшін айқасқа шығады. Екеуі де осыған дейін Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелері, күштері бар боксшылар. Соңғы шешуші сында төрешілер тобығымыздан қақпаса, екеуі де алтынға таласуға шамалары жетеді. Әділбектің Лондонда алған күмісі бар. Енді оны алтынға айырбастауға үлкен мүмкіндік туды. «Күміс» жігіттеріңіз алтынға айналсын!» деп тілей беріңіздер. Ал Даниярдың жарақаты жақсы болып қалды. Ол да ертеңгі жекпе-жегіне дайын», - деп атап өтті бас бапкер.

Сондай-ақ, ол Дычконың да Лондондағы қола медалін күміске, керек болса, алтынға айырбастауына үлкен мүмкіндік туып тұрғанын айтты.

«Дычко да Лондонда қола медаль жеңіп алды. Енді оны күміске, керек болса, алтынға айырбастайтын үлкен мүмкіндік туды. Оған жету үшін әр боксшымыз төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып отырып жеңулері керек», - деп атап өтті Мырзағали Айтжанов.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Василий Левиттің жеңілісі Олимпиадада үлкен дауға айналды

Ресей бапкері Василий Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады (видео)

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атанды (фото)

Риодағы жанкүйерлер Левиттің қарсыласын құрметтемей, "Қазақстан" деп айғайлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1222982-aytzhanov-zhigitterge-endi-toreshiler-q.html