RU

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен 56 келідегі ирландиялық боксшы Майкл Конлон ширек финалда төрешілердің шешімімен ресейлік Владимир Никитиннен ұтылып қалды деп хабарлайды baq.kz.

Бірақ бұл шешімге 2015 жылғы әлем чемпионы келіскен жоқ. Кездесуден кейін төрешілердің сатылып кеткенін айтып сұхбат берді. Өзінің твиттердегі парақшасында Ресейдің президенті Владимир Путинге «АИБА-ға қанша ақша төледің? деп сауал тастады.

«Мені енді Олимпиада ойындарынан көрмейсіздер. Жалпы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) өткізетін турнирлерге қатыспауға кеңес беремін. Олар - жемқорлар. Нағыз жемқорлар. Барлығы сатылып кеткен. Әуесқой бокс басынан бақайшағына дейін жемқорлыққа малынып кеткен. Ол жерде нағыз ұрылар отыр. Қандай жағдай болмасын мен өзімді жеңілдім деп санамаймын. Жеңімпаз ретінде қала беремін. Тек бүгін мен бұл ұйымның қаншалықты сатылып кеткенін барша әлемге көрсеттім», - дейді Конлан.

Конлон Лондон Олимпиадасында 52 келіде қола жүлдегер атанған. Ал былтыр Дохадағы әлем чемпионатында 56 келіде әлем чемпионы атанған боксшы.

Кездесуден соң төрешілер отырған жерге барып, өзінің ренішін айтып кеткен боксшы кейіннен твиттердегі парақшасында Ресей президенті Владимир Путинге «АИБА-ға қанша ақша төледің? деп жазды.

Ал Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк болса шәкіртін жеңілді деп санамайды.

«Бүгін Ресей құрамасынан Владимир Никитин мен Виталий Дунайцев жекпе-жектерін өткізді. Володя өткен кездесуде басы жарылған. Соған қарамастан ол нағыз жауынгер жігіт. Ел үшін, медаль үшін рингте өлуге дайын жігіт. Бізде бір алтын бар. Ол кездесуде екі раундта ұтып, үшіншісінде жеңілдік. Менде субъективті пікір қалыптасқан. Әр спортшым үшін жанкүйермін», - дейді Лебзяк.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223014-irlandiya-boksshysy-aiba-zhemqorlyqqa.html