RU

Баян Есентаева өзі туралы түрлі қауесет таратқандарға жауап қатты

Белгілі продюсер Баян Есентаева өзінің жеке өміріндегі оқиғалар туралы түрлі қаңқу сөздер айтқандарға қатысты жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Шындық мен жағында, адамдар әр нәрсені сөз етіп, әркім өзіне ыңғайлы етіп етіп, түрлі қауесеттер тарата берсін. Әр нәрсенің сұрауы болады...», - деп жазды ол бүгінгі жариялаған кезекті суретінің астына.

Суретке қарап продюсердің әлі де денсаулығын қалпына келтіріп, шетелде демалып жатқанын аңғаруға болады. Баян суретін салмай жатып-ақ, оған лүпіл басқандар саны 41 мыңнан асып кеткен. Желі қолданушылары да оның бұл сөзімен келісіп, «айтатын ел айта берсін, біз сізбен біргеміз» деген пікірлерін жеткізді.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шыққан еді.

Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған. Ал тамыздың 3 күні  оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223024-bayan-esentaeva-ozi-turaly-turli-qaues.html