RU

Тамара Асар сыйлыққа пәтер алғанын сынағандарға жауап қатты

Танымал әнші Тамара Асар сыйлыққа пәтер алғанын сынағандарға жауап қатты. Ол оқырмандарына қызғаншақтықтан қалай арылғаны туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Өмірде де, өнерде өзінің мықтылығымен, қайраттылығымен, солай бола тұра мейірімділігімен ерекшеленетін әншілердің бірі Тамара қызғаншақтықтан әкесінің арқасында арылғанын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында отбасындағы үлкен қуанышпен бөліскендерге алғысын айта отырып, оларға өміріндегі бір үзік сырын айтты:

"Ауылдағы үй... Әкем төрде, көзінде көзілдірік, газет оқып отыр, анам жыбыр-жыбыр әйтеуір бір нәрсе жасап жүр. Менің ішім күйіп жанып барады. Олар маған мән беріп те отырған жоқ. Мен біресе жүрем, біресе отырамын, мазам жоқ. Шыдай алмай әкеме қарап (әкемді тәте деймін): "Тәте, мен оны қызғанып бара жатырмын, не істеймін?!" дедім көзім жасқа толып... Әкем өте асықпайтын, байыппен қозғалатын адам. Газеттің арғы жағынан бетін көре алмай тұрмын. Жайлап газеттің төмен түсе бастағанын байқадым, жүрегім тарс-тарс. Не айтар екен?! Неге айттым?! Жындымын ба, әкеме осылай айтқаным не?" деген ойлар өлтіріп барады...", - деп есіне алды әнші.

Тамара әкесінің сол сәтте орынды кеңес айтқанын сөз етті.

"Газет түгелдей төмен түсті, әкем көзілдірігін мұрнының ұшына дейін апарып тіреп қойды да: "Балам, есіңде болсын, қызғаншақтың бір несібесі кем болады, адам қызғанған сайын өз құтын өзі қашырады. Ақылың болса, менің осы айтқаным жайында терең ойлан да, шешімді өзің шығар, сосын мәңгі есіңде сақта" деді... Сонда менің ойыма келгені бір-ақ нәрсе - "бір несібесі кем" демек, мен көп қызғансам, онымен өтетін күндерім кемиді... Себебі қызғаншақ адамның түрінен де, мінезінен де, сөзінен де, өзінен де қаша бастайды сезген адам, деп шештім. Сол күнен бастап менің ішімдегі "қызғаншақтық" деген паразит қайтыс болды... Раxат! Есесіне мынандай керемет қағидаға келіп маңдайымды тіредім: "не нәрсе болса да (тізімді өздеріңіз жасай беріңіз) менікі, маған ғана бұйырады". Себебі, ол жаратқаннан келген жарлық...", - деп түйді Тамара.

Сөз соңында, әнші өзін көп мақтана бермейтін адамдардың қатарынан екенін, дегенмен де арасында болатын ірі қуаныштарымен бөлісіп тұруға қолданушалырдан рұқсат сұрады.

"Пендеге сыйлық - Алладан келетін несібе, келесі бір себепші пендесі арқылы. Сондықтан құттықтаған жандарға да, жаныма тиетін реніш сөз жазған жандарғада сондай сыйлықты нәсіп етсін", - деп тілек айтты әнші.

Қолданушылар оның мәнді, салмақты, өнегелі ойларын үнемі күтіп жүретінін айтып, әншіге алғыс білдірді.

Еске салсақ, жақында Тамара Асарға Маңғыстау облысының әкімі пәтер сыйлағанын хабарлаған болатынбыз. Әншінің бұл сүйінші хабары кей тұрғындардың көңілінен шықпай қалған. Олар пәтерді жағдайы төмен отбасыларға сыйлау керек еді деген сынды пікірлерін алға тартқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ақтөбеде бетін тұмшалаған келіншектер тегін сөмкеге таласып қалды (фото)

Путин Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын реттеуге көмек берген Назарбаевқа алғыс айтты

Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Шымкенттік келіншек Арыс қаласының маңынан Шыңғысханның қабірін қазып жатыр

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген

Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223047-tamara-asar-syylyqqa-pater-alghanyn-sy.html