RU

Баян Нұрмышеваның бір жасар ұлы Интернет жұлдызына айналды

Жұлдызды жұп Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаровтың бір жасар ұлы Назарәлінің желіде 12 мыңнан астам жазылушысы бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» жобасында айтылды.

Танымал жұптың айтуынша, олар кей отандық жұлдыздар секілді отбасын жасыруды құп көрмейді. 1 жасар ұлын ел көзінен жасырмай, ашық көрсететін олар, сәбидің Интернет жұлдызына айналғанын айтты.

Нәрестенің дүниеге келгеннен бастап қазіргі сәтіне дейінгі суреттері мен бейнежазбалары  желідегі парақшаға салынып, ұдайы жаңарып отыратын көрінеді. Әлеуметтік желіде арнайы парақшасы бар Назарәлінің бүгінде 12 мыңнан астам тіркелушісі бар.

Осылайша, бұл отбасындағы бүлдіршін бір жасқа толмай жатып ата-анасы секілді өз алдына бір жұлдыз болып шыға келді.

Дегенмен Ерлан Орынбасаров балақайды кейбір сұқ көздерден сақтандыру үшін Құран-Кәрім болмаса дұғалар оқитынын да жасырмады.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223074-bayan-nurmyshevanynh-bir-zhasar-uly-inter.html