Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі сәнгер Жадо көз тигеннен төсек тартып жатып қалған

Опубликовано:

Белгілі қазақстандық сәнгер Жадо осыдан үш жыл бұрын қатты ауырып қалып, төсек тартып жатып қалғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнадағы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды.

Сәнгер бұлай қатты ауырып қалғанының себебін көз тиюмен байланыстырып отыр. Себебі оның немен ауырғанын дәрігерлер сол күйінше анықтай алмай қойған екен. Сөйтіп жүріп, екі айын өткізіп алған сәнгер, ауырының мәні неде екенін кейін барып түсінген.

Екі ай бойы тұрудан, сөйлеуден қалған Жадыра Сахиеваның үстіне қап-қара дақтар түсе бастаған. Дақтарды көрген анасы оған үлкен кісілердің көмегіне жүгінуге кеңес береді. Бұған дейін көз тию дегенге күле қарайтын сәнгер, осыдан кейін-ақ емшіге барады.

Ол оны оттан секіртіп, іш киімдерін өртеп, түрлі ырымдар мен рәсімдер жасаған көрінеді. Қазір ол көз тию дегеннің бар екенін сеніп, одан қорғанудың амал-тәсілдерін үйреніп алғанын айтып берді. Мәселен, Жадо киіміне түйреуіш, қызыл жіп тағып алғанды жөн көретінін жеткізді.

Жадоның өзі көз тиюдің себептері де болғанын айтты. Себебі сол кезеңде ол аса белсенділігімен елдің көзіне түсіп, топ құрып, кино түсірумен айналыса бастаған. Енді ол кез-келген істі бастамас бұрын  түрлі ырымдар жасап, көз тимеудің амалдарын жасайтын болған.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1223108-belgili-sanger-zhado-ozine-koz-tigesin/

pixel