RU

Ермахан Ыбырайымов: Қанша Олимпиадаға барсам да, дәл осындай сорақылықты көрмедім

Қанша Олимпиадаға барсам да, дәл осындай сорақылықты көрген жоқпын деп мәлімдеді Олимпиада ойындарының жеңімпазы Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

- Риоға қашан келдіңіз?

- Өтіп бара жатқан түнде келдім.

- Кімдерге жанкүйерлік етіп келдіңіз?

- Өзім боксшы болған соң былғары қолғап шеберлеріне қолдау көрсету - азаматтық борышым. Біраз боксшыларымыздың финалдағы айқастарын көруге келдім. Кеше Данияр Елеусінов финалға шығыпты. Міне, бүгін Әділбектің финалға өткенін өз көзіммен көріп қатты қуанып отырмын. Дычко да жартылай финалға өтті. Бұл да үлкен қуаныш.

- Осы үш боксшының қайсысы алтынға лайық деп ойлайсыз?

- Үшеуі де алтын жігіттер. Үшеуі де алтынға лайық. Үшеуі де чемпион болып жатса, таң қалмаймын.

- Кешегі Левиттің күміс жүлдесіне көңіліңіз тола ма?

- Мен Левит айқасқан күні жолда болдым. Жекпе-жегін өз көзіммен көре алмадым. Бірақ, келген соң осындағы жігіттерден естіп жатырмын. Айқын басымдықпен ұтып тұрған жеңісті қалай басқа біреудің алақанына салып бере салады? Мен төрешілерді түсінбедім. Егер тең дәрежеде өнер көрсетсе, қарсыласына жығып берсін. Онда менің дауым жоқ. Дәл енді бүкіл зал ғана емес, жер шарының тұрғындары  көріп отырған әділдікті рингтің түбінде отырған бес төреші қалай беттері бүлк етпей басқа біреудің уысына салып берді.

Мен осыған дейін қаншама Олимпиада ойындарына бардым. Бірақ, дәл осындай сорақылықты көрген жоқпын. Жаңа ғана жігіттеріміздің алдында қазақтың қараторы қызы Жайна Шекербекованың жекпе-жегін көрдім. Жайна жеңілген жоқ. Мен боксшы ретінде, бапкер ретінде ұстаз ретінде қарындасымыздың әр соққысы мен қолданған айла-тәсілін қадағалап отырдым. Қазақ қызына да төрешілер қиянат жасағаны көрініп тұрды.

- Басқа басқа емес, төрешілердің Олимпиада ойындарындағы мұндай "арам" әрекеттері нені білдіреді?

- Бұл - спорттың ластанғанын білдіреді. Бұл - спорттағы жемқорлықты білдіреді. Бұл - "сұм" саясаттың спортқа да ауыз сала бастағанын білдіреді.

- Бұдан құтылудың жолдары бар ма?

- Әрине! Сол қолмен жасаған дүниені оң қолмен өзгертуге болады. Бірақ, уақыт керек, үлкен реформа керек.

- Егер бұл үрдіс жалғаса берсе не болады?

- Төрт жылда бір келетін жарыстың төресі атанған Олимпиада ойындарының беделі жойылады. Қазір біреулер Олимпиадаға қатысуды армандап жүрсе, кейін Олимпиадаға барудан бас тартатын болады. Бүгін Левит әділетсіздіктің құрбаны болды, ертең де солай болмасына кім кепіл?

Осындай әділетсіздіктерден қаншама жас спортшылар жанып кетіп жатыр. Жеңіп тұрған спортшыдан жеңісті тартып алу деген сөз - оның азаматтығына, адамдық құқығына қол сұғу деген сөз. Сол спортшыны қорлау деген сөз. Тек спортшыны ғана емес, ол спортшы қай елдікі болса, сол елді де қорлау деп түсінемін.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223208-ermakhan-ybyrayymov-qansha-olimpiadagh.html