RU

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Риодан кейін бір жылға жарыстардан шеттетіледі

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Рио-де-Жанейродағы Олимпиада аяқталғаннан кейін Ресей, Қазақстан, Беларусь ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айырады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IWF басшысы Тамаш Аян осылай мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік РИА Новости агенттігі хабарлады.

«Риодағы Олимпиададан кейін бірқатар елдердің мүшелігін тоқтатамыз. Оған кепілдік беремін. Олар Ресей, Қазақстан, Беларусь. Қайта талдау аяқталған жоқ, ақпарат күтіп отырмын, тағы бірнеше ел жарыстан шеттетілуі мүмкін. Оны қыркүйектің аяғында немесе қазанда мәлімдейміз», - дейді IWF басшысы.

IWF  атқарушы комитеті 22 маусымда спортшылары  допинг қолданған елдер федерациясын қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы олимпиадаларда үш немесе одан көп допинг сынама оң көрсеткіш берген жағдайда, бір  жылға жарысқа қатысу құқығынан айыратын қаулы қабылдады. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь ілігуі ықтимал.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223338-iwf-olimpiadan-keyin-qazaqstannynh-auyr.html