RU

Алматыда әйел ашық жатқан кәріз құдығына құлап, мерт болды

Алматыда 16 тамызға қараған түні әйел ашық қалған кәріз құдығына құлап, мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда 16 тамызға қараған түні Әуезов ауданында, Абай даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында әйел ашық қалған кәріз құдығына құлап, мерт болды. Қазір ішкі істер органдары әйелдің аты-жөнін анықтап жатыр.

«Бұл құдық «Алматы Су холдингі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі емес. Сондықтан қазір оның қай ұйымға тиесілі екендігі де анықталу үстінде. Негізі қалада қараусыз қалған инженерлік құрылымдар баршылық. Сол үшін құдықтың қай ұйымға тиесілі екендігін анықтауға уақыт керек», - деді Алматы қаласының жылуэнергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының ресми өкілі Ян Гирин.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223490-almatyda-ayel-ashyq-zhatqan-kariz-qudygh.html