RU

Қазақстанда алғаш рет әйел адам әскери ұйымды басқармақ

Қазақстанда алғаш болып жергілікті әскери басқару органына басшылық қызметке әйел әскери тағайындалды деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Подполковник Гаухар Сырлыбаева Алматының Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы болып тағайындалған.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан қарулы күштерінде қазір 8 мыңнан астам әйел қызмет етеді. 880-нен астам әйел офицерлік әскери шен алған. Олардың 15-і полковник, 41-і подполковник, 134-і майор шенінде және 690 әйелдің кіші офицерлік шені бар.

Әйелдер армияда медбике, байланысшы, іс жүргізуші, мерген, барлаушы, инженер қызметтерін атқарады.

Тағы да оқыңыздар:

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223562-qazaqstanda-alghash-ret-ayel-adam-asker.html