RU

Неміс ауыр атлеті қазақстандық спортшылардың әлі күнге "допинг қабылдайтынын" жайып салды

Германиялық ауыр атлет Алмир Велагичтің қазақстандық әріптестері мен олардың бапкеріне деген өкпесі қара қазандай сияқты.

Die Welt  басылымына берген сұхбатында ол Қазақстан және посткеңестік елдер спортшыларының еш қымсынбастан допинг қабылдайтынына күмәнданбайтынын айтқан, деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Егер сіз Риодағы жарысты көрсеңіз ол масқараны байқаған боларсыз. Жап-жас спортшылар әлемдік рекордтардан бастап жатыр. 77 келіге дейінгі салмақ категориясында ұтқан қазақстандық (Н. Рахимов – ред.) допинг үшін жазаланғаннан кейін қайта оралып, 40 келі артық салмақты көтереді. Осы екі жыл ол үшін табысты болған сияқты. Енді осы жүктемелермен, әлемдік рекордтармен ойнап жүр. Бұл күлкілі», - деген ол бірқатар елдерді спорттан шеттету керек деп санайды.

«Бұрынғы КСРО елдері – Қазақстан, Грузия, Беларусь, Украинаны» шеттету керек», - дейді ол.

А. Велагичтің сондай-ақ, қазақстандық ауыр атлеттердің бас бапкеріне қатысты да айтары бар екен.

«Сіздер олардың басшыларына қараңыздар. Олардың бапкерлері (А. Ни – ред.) қаншама допинг-сынамалары оң нәтиже көрсетсе де әлі орнында отыр. «Қазақстан – бірінші!» деп айқайлап жүр. Бұл бірте-бірте циркке айналып бара жатыр», - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223567-germaniyalyq-auyr-atlet-aleksey-nige-q.html