RU

Левиттен таяқ жесе де чемпион болған Тищенко Путиннің күзетшісі болып шықты

Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада алтын алған боксшы Евгений Тищенко президенттік күзетте қызмет атқаратын болып шықты.

Шыны керек, ол қызметін тек осы жылдың мамыр айында ғана бастаған және осы уақытқа дейін басты сайысқа дайындалғанынан гөрі, жұмыс жасағаны көп болған.

Федералды күзет қызметінің баспасөзбен және жұртшылықпен байланыс орталығындағылар бұл туралы былай деді

– Евгений Тищенко, шынымен де, біздің адам. Ол Ресей Федералды күзет қызметінің Спорт клубы атынан шығып жүрген (бірінші тұлғалар қаупсіздігіне жауап береді). Бірақ бізге ол дайындықпен келді. Ал оның спортшы ретіндегі дамуын ІІМ қадағалап отырды. Ол Санкт-Петербург полициясы бөлімшелерінің бірінде жұмыс жасаған (жұмыспен қатар ЖЖО-да оқыды). Одан кейін 25 жасында әскерге алынды. Ол осылайша бізге тап болды. Бірақ ол өзінің қызмет ететін жерінің маңыздылығын айқын түсінбей жүрген сияқты. Сондықтан ол Бразилиядағы алғашқы қысқа сұхбатында полицияда жұмыс жасаймын деп айтып қалған. Олимпиададан кейін ол қатарға, яғни Федералды күзет қызметіне қайтып оралады. Ал қызметі аяқталған соң ол бізде қала ма, жоқ па – оны өзі шеше жатар.

Федералды күзет қызметіндегілер спортшының өмірбаянын айтып берді. Болашақ Олимпиада чемпионы бесінші сыныптан бастап мектеп үйірмелерінің бірінде спортпен шұғылдана бастаған. Ол кездегі оның жетістігі ретінде Оңтүстік федералды округініңң біріншілігінде жүлделі орынға ие болған.

Қазіргі таңда Олимпиада медалі оның мұндай деңгейдегі алғашқы жүлдесі. Бірақ бұған дейін ол әлем чемпионы, 2015 жылғы бокстан Еуропа чемпионы атақтарына ие болған екен. Сонымен бірге ол 2014 жылы бокстан Ресей чемпионы, ал 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Еске сала кетейік, 91 келіде Василий Левиттен оңбай таяқ жесе де, Тищенко Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Бердібек Сапарбаев өзінің қанша жалақы алатынын айтып берді

Ирландия боксшысы: АИБА жемқорлыққа әбден батып кеткен, енді Олимпиадаға қатыспаймын

Рио-2016: 17 тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі

Ақтөбеде қауіпті жәндік саналатын қандала қаптады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Айтжанов: Жігіттерге енді төрешілер қиянат жасай алмайтындай етіп, тек қана құлатып жеңуі керек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223660-levitten-tayaq-zhese-de-chempion-bolghan-t.html