RU

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада медалін сатып жіберген бе?

Skifnews.kz порталы Василий Левит пен Евгений Тищенко арасындағы кездесуге Қазақстан бокс федерациясының қатысы болуы мүмкін екенін жазды.

NUR.KZ аталған мақаланы сол қалпына назарларыңызға ұсынады.

- Левит пен Тищенко арасындағы жекпе-жек спортта да жемқорлықтың бар екенін тағы бір көрсеткендей. Көзімізді бақырайтып, төрешілер Ресей боксшысының қолын көтергенде дереу ойымызға "Левиттің жеңілісі қанша ақшаға сатылыпты?" деген ой келді. Артынша, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов журналистерге сұхбат беріп, төрешілердің неліктен мұндай шешім қабылдағанын ҚР Бокс федерациясының атқарушы директорынан сұрау керектігін айтты, - дейді автор.

Бекжан Бектеновтің (ҚР Бокс федерациясының атқарушы директоры) не білгені бар? Левиттің жеңілісін расымен де федерация басшылары сатып жіберген бе? Сатса қанша ақшаға сатқан екен? Ұлттың намысы, халықтың ықыласы қанша долларға бағаланыпты? Боксшыларымыздың жылдар бойы төккен тері, бапкерлердің еңбегі ше?

Жалғыз Левит қана емес, бұл күні төрешілер Қайрат Ералиевке де, Олжас Сәттібаевқа да қиянат жасады. Олар да қарсыластарын ұруындай ұрған. Бірақ, тағы сол AIBA төрешілері шын жеңімпаздың қолын көтерген жоқ.

Ал жарайды, сатпаған делік, онда неге ара түспейді? AIBA-ның вице-президенті Серік Қонақбаев сол жерде жүр. Тіпті, еш ұялмастан Васлилий Левитті өзі шығып марапаттады. Қонақбаев төрешілерге барып "бұларың не?" деп неліктен айтқан жоқ? Бәлкім кездесу тағдырын алдын ала білген шығар?

Ең болмаса Бокс федерациясының басшылары неге үнсіз? Тимур Құлыбаев, Бекжан Бектеновтер не істеп жүр? Сол алдын ала жоспарлаған 1 алтын мен 1 күміске қанағат деп, қалған салмақтағы жігіттердің жекпе-жегін сатып жіберген жоқ па?

"Жалпы, спорттың маңайында жүрген сарапшылар бокстан олимпиада медальдарының алдын ала саудаға түсетінін айтатын. Левит пен Тищенконың кешегі жекпе-жегінен кейін бұл әңгімеге амал жоқ, сенуге тура кеп отыр. Бәрінен қызығы, спорт шенеуніктерінің отанды, спортшыларымыздың төккен терін, бапкерлерінің еңбегін, халықтың ықыласын қанша ақшаға сатқандығында болып отыр", - деп ойын түйіндейді мақала авторы.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Левиттен таяқ жесе де чемпион болған Тищенко Путиннің күзетшісі болып шықты

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Левитке Олимпиада чемпионына берілетін сыйақы табысталады

Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының финалына шықты

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Риодан кейін бір жылға жарыстардан шеттетіледі

Неміс ауыр атлеті қазақстандық спортшылардың әлі күнге "допинг қабылдайтынын" жайып салды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223772-qazaqstan-boks-federaciyasy-olimpiad.html