RU

Алматыда жындыханадан қашқан жігіт бұрын жастарды теріс діни ағымға тартып, жиһадқа шақырған

10 тамызда Алматыдағы психикалық науқастар орталығынан қашып, 12 тамыз күні ұсталған науқастың салафит ағымын ұстанатыны белгілі болып отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Науқас ауруханадан қашып кетті деген күні алматы полицейлері де аяқтарынан тік тұрған көрінеді. Дереу қашқынның «бағыттамасы» (ориентировка) жер-жерлерге таратылып, іздеу жұмыстары қызу басталып кеткен.

"1982 жылы туған Қанат Қожамбетов есімді науқас тегін науқас емес екен. Ол жай ғана көп салафиттің бірі емес, 2014-жылы Өскеменде жастарды теріс діни ағымға тартып, жиһадқа шақырғаны үшін істі болған, сот қаулысымен 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеп құтылған, солайша құқыққорғау органдарының қырағы назарына іліккен жан көрінеді. Бұл айтылғандардың біразы полиция таратқан «ориентировкада» да көрініс тапқан", - деп жазады басылым.

Сонымен қатар Қанат Қожамбетов бұрын полицияда және ҰҚК шекара қызметінде де қызмет атқарған. Полиция жариялаған мәліметтерде оның салафиттік ағымды ашық қолдайтыны, өзін бірде «Мәді», бірде «Зұлыпқар» атайтыны, Шам еліндегі қарулы қақтығыстарды қолдайтыны туралы, созылмалы шизофрениямен науқастанатын оның мәжбүрлеп емдеу үшін ауруханаға жатқызылғаны айтылады.

Абырой болғанда, қауіпті науқас көп кешікпей компьютер клубтарының бірінде полицияның қолына түскен.

Тағы оқыңыздар:

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Левиттен таяқ жесе де чемпион болған Тищенко Путиннің күзетшісі болып шықты

Неміс ауыр атлеті қазақстандық спортшылардың әлі күнге "допинг қабылдайтынын" жайып салды

Ділназ Ахмадиева бейтаныс жігітпен Түркияда демалып жүр (фото)

Елдос Сметовті туған жерінде қалай қарсы алды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223789-almatyda-zhyndykhanadan-qashqan-zhigit-b.html