RU

Маңғыстаудан келген 27 жастағы бапкер Есіл өзеніне батып кетті

Маңғыстау облысынан командасымен бірге жарысқа қатысуға келген 27 жастағы бапкер Есіл өзеніне батып кетті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне СҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Виктор Держанский мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстанда 12 мен 14 тамыз аралығында барлығы 4 адам суға кеткен.

Оның айтуынша, адамдардың дені шомылған кезде қауіпсіздік ережелерін елеп-ескермейді. Көбісі суға мас күйінде түседі екен.

«12 тамыз күні Аққайың ауданының Астрахан ауылында 28 жастағы жігіт жасанды қазаншұңқырға шомылу кезінде суға кетті. Ер адамның денесін жергілікті тұрғындар алып шыққан. Дәл сол күні Қызылжар ауданының Барневка ауылында 66 жастағы зейнеткердің батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, ащы судан ұрттап алған ер адам өзеннің арғы бетіндегі Кустовое ауылына жетіп алмақ болған. 14 тамыз күні тағы екі адам Есілге батып кетті. «Қарағай орманы» базасына ұжымымен бірге демалуға келген 32 жастағы ер адам мас күйінде қарсы жағаға малтып бармақ болған. Өкінішке қарай, жағаға үш метрдей қалғанда суға кетті. Жарысқа қатысу үшін командасымен бірге Маңғыстау облысынан келген 27 жастағы бапкер де ажал құшты. Суға кеткендердің денесін жедел құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты», - деп толықтырды Виктор Держанский

ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да 20 адам, соның ішінде бес бала суға батып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Левиттен таяқ жесе де чемпион болған Тищенко Путиннің күзетшісі болып шықты

Неміс ауыр атлеті қазақстандық спортшылардың әлі күнге "допинг қабылдайтынын" жайып салды

Ділназ Ахмадиева бейтаныс жігітпен Түркияда демалып жүр (фото)

Елдос Сметовті туған жерінде қалай қарсы алды?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223867-manhghystaudan-kelgen-27-zhastaghy-bapker-e.html