RU

Әнші Карина Абдуллина өзі бір көріп ұнатып қалған жас жігітке іздеу салды

Әнші жанармай бекеттерінің бірінен көріп ұнатқан жігітті іздеп жүр. Ол оның көзінен ерекше бір дүниені байқағанын айтады  деп жазады Stan.kz.

Карина Абдуллина бірнеше күн бұрын Алматы қаласының жанармай бекеттерінің бірінде көріп қалған жігітті іздеп жүр. Әлгі жігітпен көздері түйісіп, бір-біріне ұзақ уақыт қарап тұрған екен.

"Ритц Палас" жанындағы жанармай бекеттерінің бірінде жас жігітпен көзіміз түйісіп қалды. Ол маған қадалып қарап тұрды, мен де көзімді алмай ұзақ қарадым. Кезек көп болған соң орынды босатуым керек болып асығыс жүріп кеттім. Бірақ сол сәт есімнен кетер емес. Жігіт! Фейсбук желісінде бар болсаң, маған жекеге жаз. Сенің көзіңнен өзім іздеген дүниелерді таптым", – дейді Карина Абдуллина.

Әншінің бұл жазбасы жұртты қайран қалдырды. Небәрі екі күннің ішінде 5 мыңға жуық лүпіл басылып, 2 мыңға жуық пікір жазылған екен. Мұнымен қатар, көптеген ер азамат өзін әлгі жігітпін деп таныстырып жатыр. Әзірге әншінің әлгі жігітпен тілдескен-тілдеспегені белгісіз.

"Карина, сіз ол жерге кезексіз кіріп кеткендіктен солай қарауға мәжбүр болдым. Мен сізге көлігімнің шамын жақтым емес пе?!", "Жарайсыз! Аяғы тәтті болсын", "Карина, әлгі жігітті тезірек жолықтыруыңызға тілектеспін", "Сиқырлы ертегінің аяғы жақсы болсын", "Ол жігіттің көздері арқылы сізге Жаратқан қарап тұрды. Ол сізге барлығының жақсы болатындығын жеткізгісі келген сияқты" дейді желі қолданушылары. Мұнымен қатар, арасында "Неге екенін білмеймін, бірақ мұны Каринаның өзі жазғанына сенбеймін" деп күдіктенгендер де болды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада медалін сатып жіберген бе?

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Алматыда жындыханадан қашқан жігіт бұрын жастарды теріс діни ағымға тартып, жиһадқа шақырған

Елдос Сметовті туған жерінде қалай қарсы алды?

Жасы 35-тен асқан қазақстандықтардың 61%-ы Кеңес одағында өмір сүруді аңсайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223953-anshi-karina-abdullina-ozi-bir-korgenn.html