RU

Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды

Инстаграм желісінде Әйгерім Бақытжан есімді арудың биі танымалдылыққа ие болды. Оның биі Dubsmash_kaz парақшасында 14 тамыз күні жарияланды. Видеоны бір күн ішінде 170 мыңнан аса адам тамашалаған деп жазады Stan.kz.

Басына орамал, үстіне халат, аяғына тәпішке киген биші қыз нағыз ауыл қызының образын таңдаған. Артқы фоннан да саманнан жасалған ауыл үйлерін байқауға болады. Тіпті, бишінің қасында сыпыртқы жатыр.

Желі қолданушыларының бір легі «ауыл қыздары мұндай болмайды», «ауыл қызына ұят», «мұндай қылық қазақ қызына жараспайды», «мына биді енесіне көрсету керек» деп ұрысқан.

Биші қыздың өнеріне тәнті болғандар да аз емес. «Ауылдың қызы болсын, қаланың қызы болсын, жақсы билейді екен», «маған ұнады» – деп пікір білдірген желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада медалін сатып жіберген бе?

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Алматыда жындыханадан қашқан жігіт бұрын жастарды теріс діни ағымға тартып, жиһадқа шақырған

Елдос Сметовті туған жерінде қалай қарсы алды?

Жасы 35-тен асқан қазақстандықтардың 61%-ы Кеңес одағында өмір сүруді аңсайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1223961-mynh-burala-bi-bilegen-auyl-qyzy-ghala.html