Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары

Опубликовано:

Жұлдыздардың балалары туралы ақпарат әрдайым сұраныста. Олай болса, белгілі оқу орындарында білім алып, сұлу келбетімен көзге түскен танымал адамдардың қыздарын Stan.kz назарларыңызға ұсынады.

Айым Сейітметова

Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейітметовтың қызы

Бойжеткен де ата-анасының ізін қуып, актерлік шеберлігін шыңдап жүр. Мұнымен қатар, отандық компаниялардың бірінде сәнбике болып жұмыс істейді. Дәл қазір Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқып жатыр. Ағайындылар тобының "Сүю деген" атты бейнебаяны мен "Жібек" телехикаясында басты рөлдерді сомдап үлгерді.

Меруерт Шәкеева

Еркеш Шәкеевтің қызы

Сырт келбетінен-ақ өзіне деген сенімділігі байқалатын бойжеткен – композитор Еркеш Шәкеевтің қызы. Меруерт әкесінің барлық концертіне қатысады. Мұнымен қатар, жұмыстағы оның оң қолы десек те болады. Түрлі қайырымдылық шараларымен айналысып, бос уақытында сурет салады. Соңғы кезде өзін сәнбике ретінде танытып жүр.

Кәмиля Серкебаева

Байғали Серкебаевтың қызы

Байғалидің қызы, Ермек Серкебаевтың туған немересі. Бастапқыда экономика саласында білім алып, кейін логистика, маркетинг, қаржы салаларында жұмыс істеген. Лондондағы университеттердің бірінде Film Studies мамандығы бойынша білім алған соң шығармашылыққа қайта оралады. Дәл қазір Алматыда TheatreHD жобасымен айналысып жатыр.

Диана Орынбасарова

Жанна Орынбасарованың қызы

Әнші әдетте өзінің жеке өмірі туралы тіс жармауды жөн көреді. Джаз бағытында ән салатын Жаннаның Диана есімді қызы бар екені ғана мәлім. Бойжеткен заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ал анасы оны танымалдылықтың кері әсерінен сақтандырудың барлық амалын жасауда.

Урсула

Бақыт Шадаеваның қызы

Бақыт Шадаеваның үлкен қызы да танымалдылықтан сақтануға тырысады. Әнші өзінің сұхбаттарының бірінде қызының да тамаша ән салатынын айтқан болатын. Десе де, ол экономика саласын таңдаған. Тұрмыс құрған.

Әйгерім Көкеева

Ерлан Көкеевтің тұңғышы

Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде Ерлан мен жұбайы отбасындағы қиындықтарын бөлісті. Осы күнге дейін балалары артық салмақ салдарынан қатты қиналып келген екен. Десе де, әншінің үлкен қызы Әйгерім едәуір салмақ тастаған. Қазір әлеуметтік желідегі парақшасында үнемі адамды жігерлендіретін суреттер бөлісіп отырады. Мұнымен қатар, ән салып, бос уақытында бет әрлеумен айналысады.

Арай Дүйсен

Арман Дүйсеновтің қызы

16 жастағы бойжеткен Арман Дүйсеновтің қызы. Арай қолы қалт етсе торт пен түрлі тәтті пісіргенді ұанатады. Мұнымен қатар, жуырда шоу бизнес әлеміне қадам басқан болатын. Осы уақытқа дейін талантты актриса ретінде бірнеше бейнебаянға қатысып үлгерген.

Аружан Бақытжан

Әсел Ақбарованың үлкен қызы

Тележүргізуші әрі актриса Әсел Ақбарованың қызы. Жуырда алғашқы әнінің тұсауын кесіп, қалың жұртқа өзін әншілік қырынан таныстырды. Бойжеткен Лина Арифуллина академиясын тәмамдап үлгерген.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада медалін сатып жіберген бе?

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Алматыда жындыханадан қашқан жігіт бұрын жастарды теріс діни ағымға тартып, жиһадқа шақырған

Елдос Сметовті туған жерінде қалай қарсы алды?

Жасы 35-тен асқан қазақстандықтардың 61%-ы Кеңес одағында өмір сүруді аңсайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1223967-qazaqstandaghy-tanymal-adamdardynh-su/

pixel