RU

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

69 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты  таза жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан Риодағы алғашқы алтынын алды.

Жартылай финалда Елеусінов жарақат алып қалған болатын. Оның үстіне, өзбек боксшысы да өте лас жұдырықтасып, мейілінше Даниярды жарақаттауға тырысты десек артық емес.

Әйтсе де, қазақ халқы үшін өте маңызды кездесуде Данияр Елеусінов бар күшін салып, алтын жүлде жеңіп алды.

Данияр Қазақстан құрамасына Олимпиададағы үшінші алтынды әкелді. Осыған дейін ауыр атлет Нижат Рахымов пен жүзуші Дмитрий Баландин чемпион атанған болатын.

Енді Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалында, Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалда жұдырықтасады.

NUR.KZ порталы барша қазақстандық жанкүйерлерді алтын медальмен құттықтайды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Дариға Шәкімова Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Даулы жекпе-жектерден соң АІВА бірнеше төрешіні қызметінен қуды

Левиттен таяқ жесе де чемпион болған Тищенко Путиннің күзетшісі болып шықты

Отандық БАҚ: Боксшылар мен балуандар намыстың жоқтығынан жеңіліп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224174-daniyar-eleusinov-olimpiada-chempiony.html