RU

Данияр Елеусінов: Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым

Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келі салмақта чемпион атанған Данияр Елеусінов жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жеңіс -қазақ елінің жеңісі. Мен жеңісімді еліме арнаймын», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

Сонымен бірге, Рио олимпиадасында өзіне қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріне шексіз разы екенін айтып, алғыс білдірді.

«Маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріме деген алғысым шексіз. Барлықтарыңызға рахмет! Мені қолдадыңыздар, осы жетістікке жетуге талпындырып, жігерімді жаныдыңыздар. Сол үшін барлық жанкүйерлеріме рахмет айтамын. Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым», - деді Данияр Елеусінов.

Сонымен бірге, осыған дейінгі Олимпиада ойындарындағы 69 келі салмақта Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев салған сара жолды бұзбай, чемпиондық атаққа қол жеткізгені үшін қуанышты екенін де жасырмады.

«Бұл 69 келі салмақ, қазақтың салмағы атанып кетті. Оған себеп, менің алдымда қазақтың үш батыры Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев қазақ еліне алтын медаль сыйлады. Серік Сәпиев үлкен спорттан кеткен соң, мен осы салмаққа ауыстым. Бұл салмақ дәрежесінің жауапкершілігі күшті екенін сезініп, және алдымдағы ағалардың жолын жалғап, чемпион болуға бар күш-жігерімді салдым. Міне, арманым орындалды. Ағаларыма ұялмай қарайтын болдым», - деді күліп Данияр Елеусінов.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

Қазақ боксы үшін құтты салмақтың қандай екенін білесіз бе? (фото)

Дариға Шәкімова Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Олимпиадада бірден үш қазақстандық жеңіліп қалды

Даулы жекпе-жектерден соң АІВА бірнеше төрешіні қызметінен қуды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224310-daniyar-eleusinov-sizder-menen-ulken-u.html