RU

Таразда темір тұлпар тізгіндеген жас қыз бес адамды қағып кетті

Таразда темір тұлпар тізгіндеген жас қыз бірінен кейін бірін - бірнеше адамды қатарынан қағып кетті. Жиырма жастағы бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Кісі өлімімен аяқталған жағдай Тараз қаласының Аппаев көшесінде болған. Абай даңғылына бағыт алған «Тойото Корола» көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамды қағып кетеді. Артынша жол жиегінде тұрған тағы төрт адамды соғып барып әрең тоқтайды.

Апат салдарынан арнайы жолақпен өтіп бара жатқан 20 жастағы бойжеткен №1 қалалық ауруханада қайтыс болған. Қалған төрт тұрғынның біреуі орташа жарақат алады. Жол апатына кінәлі жүргізуші 1994 жылғы қыз екені белгілі болды.

"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған жол көлік оқиғасы бойынша Тараз қалалық ішкі істер басқармасы анықтау бөлімімен Қылмыстық кодекстің 345 бабы үшінші тармақшасымен қылмыстық іс қозғалды", - дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.

Тағы оқыңыздар:

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

Қазақ боксы үшін құтты салмақтың қандай екенін білесіз бе? (фото)

Дариға Шәкімова Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Олимпиадада бірден үш қазақстандық жеңіліп қалды

Даулы жекпе-жектерден соң АІВА бірнеше төрешіні қызметінен қуды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224365-tarazda-temir-tulpar-tizgindegen-zhas.html