RU

Назарбаев: Елеусіновтің жеңісі барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Данияр Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

«Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.

Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан XXXI Олимпиада ойындарында бокстан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов алтын медальға ие болды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

Қазақ боксы үшін құтты салмақтың қандай екенін білесіз бе? (фото)

Дариға Шәкімова Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Олимпиадада бірден үш қазақстандық жеңіліп қалды

Даулы жекпе-жектерден соң АІВА бірнеше төрешіні қызметінен қуды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224410-nazarbaev-daniyar-eleusinovti-zhenhisi.html