RU

Рио-2016: Бүгін Әділбек Ниязымбетов алтын медальға таласады

Бүгін, тамыздың 18-і күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстанның бірнеше спортшысы жарыс жолына шығады деп хабарлайды Baq.kz порталы.

Олардың ішінде боксшы Әділбек Ниязымбетовке үлкен үміт артылып отыр. Бұған дейін Лоднон Олимпиадасының күмісін алған ол бүгін сол жүлдені алтын медальға жаңартып көрмек. Оның қарсыласы - үш дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ осыдан төрт жыл бұрын Олимпиаданың қола жүлдегері атанған Гүзел Манюрова да өз жетістігін жетілдіре алады деген үміт бар.

Спорт түрі: Байдарка мен каноэмен ескек есу. Спринт. Ерлер. Екі адамдық байдарка. 1000 метр. Жұбаныш жарысы.

Спортшы: Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов.

Басталуы: 18:00

Спорт түрі: Байдарка мен каноэмен ескек есу. Спринт. Ерлер. Бір адамдық каноэ. 200 метр. Жұбаныш жарысы.

Споршы: Тимур Хайдаров

Басталуы: 18:16

Спорт түрі: Байдарка мен каноэмен ескек есу. Спринт. Ерлер. Екі адамдық байдарка. 200 метр. Жұбаныш жарысы.

Спортшы: Андрей Ергучев пен Сергей Токарницкий

Басталуы: 18:40

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Ерлер Ядроны лақтыру. Іріктеу.

Спорты: Иван Иванов

Басталуы: 18:55

Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Семсерлесу.

Спортшы: Елена Потапенко.

Басталуы: 19:00

Спорт түрі: Еркін күрес. Әйелдер. 75 келіге дейін.

Спортшы: Гүзел Манюрова

Басталуы: 19:56 (ҚазСпорт)

Спорт түрі: Еркін күрес. 63 келіге дейін.

Спортшы: Екатерина Ларионова

Басталуы: 19:40 (ҚазСпорт)

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. Эстафета 100 метрден 4 рет.

Спортшы: Қазақстан құрамасы.

Басталуы: 20:20

Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Ерлер. Семсерлесу.

Спортшы: Павел Ильяшенко

Басталуы: 20:30

Спорт түрі: Бокс. Ерлер. 81 келіге дейін. Финал.

Спортшы: Әділбек Ниязымбетов

Басталуы: 00:30. (Хабар).

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

Қазақ боксы үшін құтты салмақтың қандай екенін білесіз бе? (фото)

Дариға Шәкімова Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Олимпиадада бірден үш қазақстандық жеңіліп қалды

Даулы жекпе-жектерден соң АІВА бірнеше төрешіні қызметінен қуды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224447-rio-2016-bugin-adilbek-niyazymbetov-altyn.html