RU

Мысыр телеарнасы тележүргізушілеріне арықтауға бір ай уақыт берді

Мысырда мемлекеттік телерадиокомпания басшылығы (ERTU) сегіз тележүргізушіні жұмыстан шеттетіп, артық салмақтан арылу үшін диетаға отыруға міндеттеді.

Бұл туралы Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Басшылық шешіміне сәйкес әйелдерге арықтау үшін бір ай берілген, нәтиже болса ғана сосын қайта эфирге шығатын болады.

Компания шешіміне шеттетілген жүргізушілер мен құқық қорғаушылар келіспей отыр.

Мысырлық құқық қорғау топтарының бірі «бұл шара конституцияға қайшы және әйелдерге қатысты күш зорлық көрсету болып табылатынын» мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты

Рио-2016: Бүгін Әділбек Ниязымбетов алтын медальға таласады

Назарбаев: Елеусіновтің жеңісі барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады

АҚШ өкілі: Қазақстандағы қарсылықтың артында Вашингтон тұр деу күлкілі

Данияр Елеусінов: Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224471-mysyr-telearnasy-birneshe-telezhurgiz.html