Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында белең алған ажырасудың себебін әйелдерден көрді (видео)

Опубликовано:

Белгілі дінтанушы Мұхамеджан Тазабек «Қазақстан» телеарнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасында қоғамда белең алған ажырасудың басты себептерін айтып берді, деп жазады NUR.KZ.

Бағдарламаның кезекті саны қазіргі қоғамда аса өзекті болып отырған ажырасу тақырыбына арналды. Бұл тұста белгілі дінтанушы Мұхамеджан Тазабек көрермендерге, оның ішінде әйел адамдарға құлаққағыс ретінде деп ажырасудың бірнеше себептеріне тоқталды. Дінтанушының айтуынша, қазір статистика бойынша әр үшінші отбасы ажырасудың алдында тұр. Яғни, бұл дабыл қағатын жағдай дейді ол.

«Бұл нені көрсетеді? Яғни, олардың отбасы болуға рухани деңгейлері жетпейді немесе кішкентайынан оның бойында, сана сезімінде отбасы құндылықтары пісіп-жетілмеген, соның соңы әртүрлі жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Бірінші отбасына кету, толыққанды мәселені шеше алмау, отбасын құрғанда да оған жауапсыздықпен қадам басу және тағы басқалары», - дейді ол.

Бірақ оның дінтанушының пікірінше, мұның барлығының себебі арыда жатыр.

«Бірақ осының түпкі себебі бар. Біз қыздарымызды кішкентай кезінен ең үлкен құндылық – отбасының егесі болу, ер-азаматтың көңілін табу, оның жүрегін жаулау деген нәрсеге мүлдем көңіл бөлмейтін ата-аналар көбейді қазір. Себебі ақпараттық құндылықтардың барлығы бізге қыз бен жігіттің ортасындағы мәселені тек қана махаббатпен көмкереді. Телехикаяны көрсек те, роликті көрсек те, бейнебаянды көрсек те махаббатқа толы, жарасымды, сұлу көріністерді, ғажап сәттерді ғана көз алдымызға әкелі, жастарды романтикаға байлап жатыр. Ал неке қиып, үйлену - ол өмір. Ал өмір тек қана романтикадан тұрмайды. Өмірдің қиыны, жеңілі, ауыры, психологиялық түрлі жағдайлары бар, осыған төтеп беретін дайындық жоқ», - деп жалғады сөзін дінтанушы.

Мәселен, аңға баратын адам итін ертеді, мылтығын алады, үстіне ыңғайлы киім киеді. Балыққа баратын адам да солай. Сондықтан бұл тұста кетіп бара жатқан қызды бір отбасының көсегесін көгертуге дайындау қажет дейді дінтанушы.

«Ал осыған, біз, ең құрымағанда, аңшы итін ерткендей, балықшы қармаған алғандай, қыздың қолына рухани қармақ ұстатып жатырмыз ба? Әйелі тұңғыш баласы сияқты күйеуінің қас-қабағына қарай отырып, оны кез-келген объектіден бетін бұрып алуға әйелдің құдіреті де, махаббаты да, нәзіктігі де жетеді», - деген ол отбасының тізгіні әйел адамның қолында екенін айтады.

Мұхамеджан Тазабектің айтуынша, қыз тұрмысқа шыққан соң, қайтып әке үйіне оралу туралы ойламауы керек. Себебі егер ол қайтып бара алатынын білсе, онда ол «туындаған мәселені сабыр қылып шешуге тырыспайды, себебі артта қайтар жол бар» дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты

Рио-2016: Бүгін Әділбек Ниязымбетов алтын медальға таласады

Назарбаев: Елеусіновтің жеңісі барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады

АҚШ өкілі: Қазақстандағы қарсылықтың артында Вашингтон тұр деу күлкілі

Данияр Елеусінов: Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1224503-mukhamedzhan-tazabek-azhyrasudynh-kobey/

pixel