RU

Риода қайтыс болған неміс бапкері төрт адамды ажалдан арашалап қалды

Рио-де-Жанейрода көлік апатынан қайтыс болған Германия құрамасының ескекші слаломы бойынша бапкері Штефан Хенце төрт адамға донор болды, деп хабарлады РИА Новости-ге сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Неміс командасының бапкері таксиде келе жатқанда ірі жол апатына ұшырап, басынан жарақаттанды. 35 жастағы бапкерге нейрохирургиялық бөлімде операция жасады. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, науқастың өмірін аман сақтап қала алмады. 15 тамызда ол көз жұмды.

Рио-де-Жанейро штатының денсаулық сақтау мекемелерінің хабарлауынша, Штефан Хенценің жүрегі, бауыры және екі бүйрегі басқа адамдарға сәтті көшірілді.

Хенце - Афиныдағы Олимпиада ойындарының екі адамдық каноэ бойынша күміс жүлдегері.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек ажырасудың көбейіп кету себебін романтикадан көрді (видео)

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары

Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды

Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді

Желі қолданушылары Қарақатты Ким Кардашьянға ұқсатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224750-rioda-qaytys-bolghan-nemis-bapkeri-tor.html