RU

Қазақстанда қалың мал мен той шығындары теңге бағамының құлдырауынан шарықтап кетті

Теңге бағамындағы өзгерістер той-бизнеске қалай әсер еткенін NUR.KZ порталы анықтауға тырысты. Қазақстандықтар той жасағанда нені үнемдеуге көшкен?

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде маңызды шараны атап өткісі келгендер бағасы арзан мейрамханаларды таңдайтын болған. Сонымен бірге, ұлан асыр той жасап, ақша шашу ысырап екені де белгілі.

Panorama мейрамханасы әкімшісінің айтуынша, банкет бағалары бір жыл бұрынғы қалпында тұр – кісі басына 6000 теңге.

Мейрамхана басшысы кейде клиенттерді жоғалтпас үшін қолжетімді сомаға меню әзірлейді екен. Ал тапсырыс 20-30%-ға азайғанын айтады әкімші. Қонақтар саны да кеми түскен.

«Егер бұрын тойға 180 адам шақырса, қазір тек қалталы, сыйға ақша әкеле алатын қонақтарды ғана шақырады», - дейді Panorama мейрамханасының әкімшісі.

«Сарай» мейрамханасында да бағалар мен тапсырыстар саны өзгермеген. Мұнда әр сенбі сайын түрлі банкеттер өтіп тұрады. Grand  Hall банкет залының бағасы былтырғыдай. Кісі басына 14000-нан 20000 теңгеге дейін (сусындарды қосқанда). Бірақ, шыны керек, банкеттер саны 20%-ға азайған. Іс-шара бюджеті де қысқара түскен.

Тапсырыстардың азая түскенін «Бахар», «Арайлым» және т.б. бірқатар мейрамханалар да айтып отыр. Мейрамханалармен бірге тойға шақырылатын  қазақстандық эстрада жұлдыздарының да бағасы арзандай түскен. Мысалы, Серікбол Сайлаубекті тойдан көру үшін жыл басында 2000 доллар төлеу керек болса, яғни 700 мыңнан астам теңге, қазір ол 500-600 мыңға келеді екен (Алматыға).

Ал былтыр Сайлаубек тойға келу үшін одан да қымбат баға сұраған екен – 800-900 мың теңге. Өмірқұл Айниязов теңге бағамы өскенге дейін 300 мың сұраса, қазір ол тойға 150-200 мыңға шыға беретін болған. Бұл туралы орындаушының продюсері Ринат Тәттібай айтты.

«Гонорарлардың бағасы 30 пайызға түскен», - дейді продюсер.

Продюсердің хабарлауынша, оның әртістерін шетелдегі шараларға да шақырып жатқан көрінеді.

Сонымен қоса, қалың мал, ана сүті секілді басқа да шығындар да арта түскен. Бір жылда екі той атқарған Жанардың айтуынша, доллар 185 болғанда қалың мал 150 мың теңге болса, қазіргі баға басқа. Себебі 500 доллар беру ұят деп есептеледі.

Мысалы, Арқалықта бір қыздың қалың мал құны 400 мың теңгеге тең екен. Ал Ақтауда ол сома жарты миллионға дейін жетеді-мыс.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында белең алған ажырасудың себебін әйелдерден көрді (видео)

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары

Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды

Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді

Желі қолданушылары Қарақатты Ким Кардашьянға ұқсатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224779-qazaqstanda-qalynh-mal-men-toy-shyghynda.html