RU

Көкшетау көлінің үстінде беймәлім құбылыс қимылсыз қалықтап тұрған

Ғаламторда таң қаларлық көрініс жарияланды. Көкшетауда көлдің үстінде белгісіз объект ұшып тұрған. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап islam.kz хабарлады.

Облыс орталығының тұрғыны желіге ұялы телефоннан түсірілген қызықты видео жариялады. 4 тамыз күні Көкшетаудағы Қопа көлінің үстінде ұшатын аппараттың қимылсыз тұрып қалғандығын көруге болады. YouTube видеохостингінің қолданушысының жазбасына сүйенсек, қаратүстес зат жарық бөлген. Ең қызығы, құрылғы құдды бір ақшам намазын тыңдап тұрғандай көрінген. Бұл уақытта орталық мешіттен азаншының даусы қатты естіліп тұрған екен.

Ғаламтордан Көкшетауда орын алған мұндай жағдайлардың бірнешеуін кездестіруге болады. «Казаэронавигацияның» Ақмоладағы филиалы кешкі уақытта жұмыс істемейтіндерін хабарлады. Алайда, әуе экипаждары мен диспетчерлері бұрыннан бері осыған ұқсас объекттерді кезіктерген екен. Тіпті, олардың ұшу биіктігі мен бағыттары да анықталған. Алайда олар радиолокациялық құрылғыларға көрінбеген.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында белең алған ажырасудың себебін әйелдерден көрді (видео)

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары

Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды

Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді

Желі қолданушылары Қарақатты Ким Кардашьянға ұқсатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224805-kokshetau-kolininh-ustinde-beymalim-qu.html