RU

Майкл Джексон секілді билеген Данияр Елеусінов жанкүйерлерін таң қалдырды (фото,видео)

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов тек жұдырықтасуды ғана біледі десеңіз қателесесіз. Жігітке жеті өнер де аз деп есептейтін ол өлең оқып, би билеуді де жақсы меңгерген.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Елеусіновтің мәнерлеп өлең оқитын қабілетін көп ешкім біле бермейді. Бала кезінен қазақ ақындарының өлеңін жатқа оқуды әдетке айналдырған ол отандық телеарналардың эфирінен талай рет өлең оқыған болатын. Әсіресе, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам?!", деп басталатын өлең жолдарын Данияр жатқа оқиды.

Данияр ұлттық құраманың капитаны деген атақты Серік Сәпиевтен қабылдап алды. Құрама капитаны ретінде ол жігіттерді жеңіске шақырып, командаластарын үнемі алға сүйреп жүреді. Қазақстан құрамасындағы боксшылардың бірі Даниярдың жайдары, адамгершілігі мол жігіт екенін айтқан.

Кеше ғана Олимпиада алтынын иеленген Даниярдың би билегенде Майкл Джексоннан да кем түспейтінін көп ешкім біле бермейді. Көңілді кештерде биімен де жарқырап көзге түсетін Даниярдың поп-музыка королі Майкл Джексон секілді билеген видеосы желіде хитқа айналды. Қолданушылар чемпионның биге де өте икемді екенін таң қалуда.

Сымбаты мен келбеті жарасқан Данияр Елеусінов көп қыздардың да арманы болды. Әсіресе, жанкүйерлер Даниярдың танымал көркем гимнастика шебері Анна Алябьевамен көңіл жарастырғанын жақсы біледі. Todaynews.kz сайтының жазуынша, Даниярдың кәсіби спортшы Аннамен көңіл қосқанын чемпионның отбасы қаламаған көрінеді.

Әйткенмен, Данияр бүгінде бір сұлудың жан жары атанды. Бір қызығы, чемпионның үйленіп, балалы болғанын көпшілік біле бермейді. Яғни, чемпион Елеусінов көп ешкімге айтпай үйленіп, балалы болды.

Елеусіновтер отбасының боксқа тікелей қатысы бар. Даниярдың әкесі Марат Елеусінов ұлының жеке бапкері, ал ағасы Дәурен  әуесқой бокста біршама биікті бағындырып, бүгінде кәсіби рингке ауысты. Ал Данияр өзінің барлық жеңісін анасына арнайды.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы да оқыңыздар:

Өзбек боксшысын жеңген Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды (фото)

Мырзағали Айтжанов өзбек боксшыларына қатысты ойын білдірді

Бекболат Тілеухан Данияр Елеусіновті жекпе-жек алдында жігерлендірген (фото)

Қазақ қызы тарихта алғаш рет күрестен Олимпиада жүлдесіне ие болды

Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224843-maykl-dzhekson-sekildi-bilegen-daniyar.html