RU

Атышулы отандық актриса сахнадағы әріптесімен көңіл жарастырды (фото)

Отандық актрисалардың бірі Айсұлу Әзімбаева әріптесімен кездесіп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық театр өнеріндегі танымал актриса Айсұлу Әзімбаева бұған дейін Жандос Айбасовпен көңіл жарастырған еді. Қос ғашық бірге түскен суреттерін желіге салып, қолданушылар оларға әдемі жұп деп баға берген болатын.

Бірақ кейіннен бұл жұптың ғұмыры қысқа болып, олар айырылысып тынған. Енді, міне біршама уақыттан кейін ол өзінің әріптесі Шығыс Капинмен кездесіп жүр. Олар бірге жұмыс істеп қана қоймай, демалыс күндерін де жұптаса өткізеді.

Шыңғыс Капин болса, өз парақшасына екеуінің бірге түскен суретін салып: «Мені жалықтырмайтын жоба бар... Бұл Эдит Пиаф пен Френк Синатра секілді аңызға айналған сахна саңлақтарының оқиғасы. Неге? Себебі бұл спектакльде менің санам мен жүрегімді жаулаған жалғыз серіктесім ойнайды! Француз тілінде бірдеңе деп шүлдірлеп, өлең айтқаныңды, жаныңды салып билегеніңіді жақсы көремін! Таңғажайып Айсұлу Әзімбаеваны «Счастливые поют» спектаклінен көріңіздер! Біз Астанаға жол тарттық!», - деп жазды.

Олардың желідегі бірге түскен суреттеріне қарап қолданушылар оларға бақыт тіледі. Олар, сонымен бірге, Айсұлу мен Шыңғыс отандық шоу-бизнестегі ең әдемі жұп деп бағалады.

Тағы оқыңыздар:

Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында белең алған ажырасудың себебін әйелдерден көрді (видео)

Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары

Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды

Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді

Желі қолданушылары Қарақатты Ким Кардашьянға ұқсатты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1224899-otandyq-aktrisa-ariptesimen-kezdesi.html