RU

Алматыда жолаушылар вагон дәлізінде жатқаны үшін учаске басшысы орнынан кетті

«Алматы-Атырау» пойызының жолсеріктері вагон дәлізіне жолаушыларды жайғастырғаны үшін учаске бастығы лауазымынан босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Алматы-Атырау» бағытымен жолға шыққан пойыз вагонында дәлізде адамдардың ұйықтап жатқан фотолары интернетті шарлап кетті.

Фотодағы факт әлі тексерілмесе де, учаске бастығы атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай мәлім етті.

«Мұның алдында да осындай шағымдар болды. Сондықтан біз оны лауазымынан босатып, басқа жұмысқа орналастырдық. Енді ол учаске бастығы емес», - деді Қилыбай.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Ер кезегі үшке дейін: Ниязымбетов кубалықтан есе қайтара ма? (фото)

Бес баласының үшеуі ауыр дертке шалдыққан отбасының өмірі

Майкл Джексон секілді билеген Данияр Елеусінов жанкүйерлерін таң қалдырды (фото,видео)

Ауылында қанша өзен бар екенін білмейтін шенділер Сапарбаевтан сөз естіді

Қызылордада күйеуінен ажырасқан келіншектер секс-шоптың саудасын қыздыруда

Қазақстанда қалың мал мен той шығындары теңге бағамының құлдырауынан шарықтап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225080-almatyda-zholaushylar-vagon-dalizinde.html