RU

Алматыда өртеніп жатқан базарға тікұшақ 15 тонна су шашты (фото, видео)

Алматыда өртеніп жатқан базарға КА-32 тікұшағы шамамен 15 тонна су шашты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Еске салсақ, куәгерлер барахолкада өрт шыққанын хабарлаған болатын.

"ТЖК-ның авиациясы өрт сөндіруге қатысып жатыр. КА-32 тікұшағы өрт ошағына жөнелтілді", - дейді NUR.KZ порталына ТЖК өкілі Руслан Иманқұлов.

Алматының Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан барахолка жайма базарындағы өрттің аумағы алдын ала деректер бойынша 3000 шаршы метрді құрады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнда тауарлар тиелген қоймалық үй-жайлар өртеніп жатыр.

«Қазір оқиға орнында өрт сөндіруге жеке құрамнан 110 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Бірақ адамдар саны көбейтіліп жатыр. Қазіргі сәтте тілсіз жауды оңтүстік және шығыс жағынан ауыздықтауға қол жеткізілді. Өрт туралы хабар 16 сағат 26 минутта келіп жетті. Өртке «үшінші» - жоғарылатылған қауіптілік деңгейі бекітілді. Өрт әлі ауыздықталған жоқ. Алдын ала деректер бойынша өрттің аумағы 3000 шаршы метрді құрады», - деді Руслан Иманқұлов.

Тағы оқыңыздар:

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Алматыда өртеніп жатқан барахолкадан сатушылар тауарларын тасып, жанұшырып жүр (фото, видео)

Тұңғышбай Жаманқұлов министр Мұхамедиұлының қалай "откат" сұрағанын айтып берді

Дариға Назарбаева: 2017 жылы ҰБТ толықтай өзгереді

Ер кезегі үшке дейін: Ниязымбетов кубалықтан есе қайтара ма? (фото)

Бес баласының үшеуі ауыр дертке шалдыққан отбасының өмірі

Майкл Джексон секілді билеген Данияр Елеусінов жанкүйерлерін таң қалдырды (фото,видео)

Ауылында қанша өзен бар екенін білмейтін шенділер Сапарбаевтан сөз естіді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225230-almatyda-ortenip-zhatqan-bazargha-tiku.html