RU

Алексей Ни: Ауыр атлеттерімізді сайыстан шеттету – көре алмаушылық

Ауыр атлеттерімізді сайыстардан бір жылға шеттеткелі жатқан халықаралық ұйымның әрекетін Алексей Ни барып тұрған көре алмаушылық деп атады.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оның ойынша, олимпиадаға үлкен үмітпен барған сегіз зілтеміршінің бесеуінің бірдей жүлде алуы басқа елдердің қызғанышын туғызған.

Онсыз да өзінің басынан дау арылмаған ауыр атлетикадан бас бапкеріміздің бұл кезекті жанжалға қатты қобалжи қоймағаны көрініп тұр. Қазақстанды бір жыл бойы жарыстардан шеттетуді қарастыруын халықаралық федерация допинг даумен байланыстырса, Алексей Ни атлеттеріне бұл жолы да шаң жуытар емес.

Айтуынша, Рио жарысындағы жетістігімізді көре алмаған елдер біздерге шара қолдануды талап еткен. Яғни, еліміз осы жанжалдың кесірінен алда болатын Азия чемпионатынан құр қалуы мүмкін.

Десе де, өзінікі дұрыс деп дес бермеген Ни осы үзілісті пайдаланып келесі жылдың аяғында өтетін әлем чемпионатында күш атасын танытамыз деп отыр.

Рио Олимпиадасына қатысты маңызды жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда өртеніп жатқан барахолкадан сатушылар тауарларын тасып, жанұшырып жүр (фото, видео)

Тұңғышбай Жаманқұлов министр Мұхамедиұлының қалай "откат" сұрағанын айтып берді

Дариға Назарбаева: 2017 жылы ҰБТ толықтай өзгереді

Ер кезегі үшке дейін: Ниязымбетов кубалықтан есе қайтара ма? (фото)

Бес баласының үшеуі ауыр дертке шалдыққан отбасының өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225307-aleksey-ni-auyr-atletterimizdi-sayys.html