RU

Есеп комитеті қазынаның миллиардтарын далаға шашқан ведомствоны әшкереледі

Көлік комитетіндегілер қазына қаржысын есептеуді, үнемдеу мен жоспарлауды мүлдем білмейді екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Шенеуніктер жыл сайын миллиардтаған теңгені бюджеттен бөлдіріп, кейін көзсіз пайдалануға кіріседі. Мәселен, құжат бойынша Жайық өзенінің түбіне батып кеткен 20 кемені судан алып шығу үшін әрқайсысына 330 миллион теңге жұмсалған. Бірақ қыруар қаржының нақты неге кеткенін бүгін ешкім түсіндіре алмады.

"Шығынды алдын ала есептеп, оның әдісін жасап алмай ақшаны қалай пайдаланасыздар? Қазына қаржысын оңды-солды шашқаннан басқаны білмейсіздер. Менің сізге кеңесім, Көлік комитетіне білікті заңгер, қаржыгер керек. Әйтпесе, мінберде тұрып дәл осылай қызаруға тура келеді", - дейді Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.

Бұл аздай, Көлік комитетіндегілер мүлдем орындалмаған, қағаз бетінде жоспар күйінде қалған жұмыстар үшін де миллиондар жұмсалды деп, жалған есеп берген. Мәселен, Орал-Каспий бассейнін тазарту шаралары бірнеше кезеңге бөлінген екен. Алайда жылдық жоспар жүзеге аспағанына қарамастан, шенеуніктер ақшаны талан-таражға салған.

"Қарау керек қой. Сіз төрағасыз ғой все таки. Как можно затратит на неисполненный пункт 317 миллионов теңге?", - дейді Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы да белшеден былыққа батқан. Билет құнын қымбаттатпау үшін және өзге де әлеуметтік шығындарға берілетін субсидияға басшылар вагон сатып алған және қызметкерлердің іссапарына жұмсаған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның шығыны бір жылда 9 есеге, яғни 9 миллиардқа өскен. Ал субсидияның 17 миллиардына 80 вагон сатып алған. Көлік комитетіне субсидияны негізсіз жұмсауды тоқтатуды ескерттік", - дейді Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов.

Сондай-ақ, Есеп комитеті Алматыдағы метроның құрылысынан да шикілік шыққанын анықтапты. Шенеуніктер жерастындағы станция санын арттыруға бөлінген 520 миллионға жуық теңгені басқа нысанның қарызын жабуға жұмсап жіберген. Шығыс Қазақстандағы былтыр пайдалануға берілуі тиіс Шүлбі шлюзінің де құрылысы тұралап тұр.

Салдарынан жыл сайын миллиондар игерілмей қалуда. Жалпы, Көлік комитеті қазынаның 2 миллиардтан астам теңгесін заңсыз пайдаланыпты. Енді Есеп комитеті тексерудің қорытындысын прокурорларға тапсырмақ.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда өртеніп жатқан барахолкадан сатушылар тауарларын тасып, жанұшырып жүр (фото, видео)

Тұңғышбай Жаманқұлов министр Мұхамедиұлының қалай "откат" сұрағанын айтып берді

Дариға Назарбаева: 2017 жылы ҰБТ толықтай өзгереді

Ер кезегі үшке дейін: Ниязымбетов кубалықтан есе қайтара ма? (фото)

Бес баласының үшеуі ауыр дертке шалдыққан отбасының өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225312-esep-komiteti-qazynanynh-milliardtar.html