RU

Жартылай жалаңаш суретімен аты шыққан келіншекпен кездесу үшін белгісіз жан $5 мың төлеуге дайын

Блогер Әсел Баяндаровамен кездесіп, кешкі ас ішу мәртебесі үшін 5000 доллар беруге дайын адам табылды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Желі қолданушысы Әсел Баяндарова 17 тамыз күні өзімен кездесу мәртебесіне аукцион жариялаған болатын. Бірақ қыздың жаман ойы болған жоқ - ол аукционнан түскен қаражатты ауыр дертпен ауыратын баланың еміне кетеді деп хабарлаған болатын. Жасы 40-тан асқан келіншекпен кездескісі келетіндердің қарасы көп болып шықты. Міне, күні кеше, онымен кездесу бақыты 5000 долларға сатылды.

Бұл туралы Әселдің өзі Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

"Науқас бүлдіршіннің еміне қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық аукционды мәрттікпен қолдаған меценатқа алғысым щексіз. Дамуында көптеген ақаулары бар Акмаль Жанғазиевқа Бостон емханасында бірнеше күрделі ота жасалуы керек. Меценат атын елге жариялағысы келмесе де, оған алғыс айтып, дүниедегі бар жақсылықты тілеймін. Ақша жақын арада баланың анасының есепшотына аударылатын болады», - деп уәде берді Баяндарова.

Желі қолданушылары Әселдің бұл әрекетін ерлікке балап, оның қайырымдылық жолындағы әрекетіне сүйсінді. Ал тағы бір қолданушы Әсел секілді сұлу қыздар қолға алса, елдегі қайырымдылық жаңа деңгейге көтерілетін еді деп жазды.

Еске салсақ, Әселдің даңқы оның желіге қазақ қыздарының тартымдылығы жөнінде жазып, өзінің жартылай жалаңаш суретін салғаннан кейін бір-ақ шыққан. Ол туралы ақпараттар тіпті шетел басылымдарында жария болған еді.

Тағы оқыңыздар:

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225603-zhartylay-zhalanhash-suretimen-aty-shyqqa.html