RU

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың әлі шықпаған әнін хит болатынын айтты (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртас Оқжетпес шыңына көтеріліп, әуе түсіріліміне түсті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас өзінің желідегі парақшасында Оқжетпес шыңында түскен видеосымен бөлісті. Ол биік шыңнан қолданушыларына сәлем жолдады. Бұл видеоны әуе түсірілімі тобы жүзеге асырған.

Оның бұл видеосын анасы Гүлзира Айдарбекова да бөлісіп: «Абыройың асқақтап, биік шыңнан көріне бер ұлым! Алланың сүйген құлы, еліңнің сүйген ұлы бол!», - деп жазды.

Желі қолданушылары видеодағы жаңа әуенге қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, Қайрат Нұртастың әлі шықпаған жаңа әні хит болады.

Кей тыңдармандар Қайрат Нұртас бейнебаян түсіріп жатыр деп болжады. Олар әншінің бейнебаянды кей отандық жұлдыздар секілді шетелде емес, еліміздің көрікті жерлерінде түсіргеніне алғыстарын жаудырды.

Тағы оқыңыздар:

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225672-tynhdarmandary-qayrat-nurtastynh-ali-sh.html