RU

Беті қаннан көрінбейтін сәбидің бейнесі әлемді дүр сілкіндірді (фото, видео)

Сирияның Алеппо қаласында әуе шабуылынан аман қалған ұл баланың суреті ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кетіп, Сириядағы соғыстың символына айналды.

Бетін қан жапқан, жедел жәрдем көлігінде есеңгіреп отырған баланың видеосы мен фотолары әлеуметтік желіге жылдам тарап, наразылық толқынын тудырды, деп хабарлады www.bbc.com.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, баланың есімі Омран Дакниш, бес жаста. Сәрсенбі күні кешке оған медициналық жәрдем көрсетілді - баланың басына қатты зақым келген.

Оның отбасының басқа мүшелерінің қандай жағдайда екендігі әлі белгісіз деп жазады ҚазАқпарат.

Баланың суретін түсірген журналист әуе шабуылынан сегіз адам, оның ішінде бес баланың қаза тапқанын айтады деп хабарлайды Азаттық.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәлімдеуінше, әуе шабуылын Сирия президенті Башар Асад армиясының ұшақтары жасаған.

Тамыздың басында БҰҰ Алепподағы ахуал гуманитарлық апат жағдайында деп мәлімдеген. Бомбалау толастамай тұрған Алеппо қаласында сумен және электр қуатымен жабдықтау жүйелері қираған. БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) жаздың ыстық болып, судың жоқтығынан Алепподағы балалардың денсаулығына үлкен қауіп төніп тұр деп мәлімдеген.

Сириядағы зорлық-зомбылықты құжаттау орталығының хабарлауынша, елдегі соғыстан 14 мыңнан астам бала құрбан болған. Сирияда бес жылдан асқан соғыстан барлығы 280 адам қаза тапқан.

Тағы оқыңыздар:

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225682-betin-qannan-korinbeytin-sabidinh-bey.html