RU

Нұртас Адамбаев француз жандармдарын қалай алдағанын айтып берді

Белгілі актер әрі режиссер Нұртас Адамбаев Парижде «Побег из аула» телехикаясының 3-маусымын түсіру кезінде жандармдардың қолына түсіп қалған, деп хабарлайды NUR.KZ.

Режиссер бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, ол 2013 жылы 12 адамнан тұратын түсірілім тобымен бірге «Побег из аула» хикаясының 3-маусымын түсіру үшін Парижге аттанған. Бірақ олар онда түрлі хикаяттарға, қызықты оқиғаларға кезіккен.

Түсірілім тобының түсіру жұмыстарын жүргізу үшін ешқандай рұқсат қағазы болмаған. Сондықтан, олар ешкімге білдірмей, Эйфель мұнарасы маңында суретке түсіп жүрген сыңай танытып, хикаяны жасырын түсіре бастаған. Ал дәл олардың қасында тұрған жандармдар топтың не түсіріп жатқанын сол күйінше түсінбеген. Бірақ, дегенмен олар Люксембург саябағында ақыры ұсталып тынған.

«Тағы бір түсірілім кезінде біз Люксембург саябағында ұсталдық. Бізге жандарм келіп: «жетекшілерің кім?» деп сұрады. Топ мені көрсетті. Сөйтіп, мен әп сәтте нағыз француз жандармериясы - Луи де Фюнестің әлеміне тап болдым», - деп еске алды Адамбаев.

Не істерін білмей абдырап тұрған Адамбаевтың жанына бір кезде бір әйел келіп, топтың «Франция заңдарын бұзғанын және олар енді шара қолдануға тиіс болатынын» ағылшын тілінде жеткізген.

«Біттім» деп ойладым мен. Енді олар бүкіл флешкаларымызды, жабдықтарымызды алып алатын болды, енді 7-арнаға не айтарымды білмей қатты састым. Сөйтіп, бұл шырмаудан құтылу үшін оны алдап соқтым. Мен оған жақынды үйлену тойым болатынын және болашақ жарым Парижді жанындай жақсы көретінін, сондықтан оған сый ретінде махаббат хикаясын түсіріп жатқанымды жеткіздім», - дейді ол.

Актердің айтуынша, ағылшын тілін ол әйелден басқа ешкі түсінбегені жақсы болған. Себебі, Нұртастың әңгімесін естіген ол: «Неткен романтика! Кедергі келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз! Егер көмек керек болса, қысылмай айтыңыз!», - деп ол сүйсініп қалды», - деп жазды режиссер.

Желі қолданушылары оның бұл әңгімесіне алғыс айтып, француз халқының мәдениеті мен сезімталдығын сөз етті.

Тағы оқыңыздар:

Алынбас қамал: Ниязымбетов Куба боксшысынан финалда ұтылып қалды (фото)

38 жастағы Гүзел Манюрова Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Екатерина Ларионова Қазақстанға қола жүлде сыйлады

Финалда жеңілген Әділбек Ниязымбетов көз жасын тоқтата алған жоқ (фото)

Жұртты шулатқан шілтерлі іш киімдер елімізде еркін сатылатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1225761-nurtas-adambaev-francuz-zhandarmdary.html